$ 444.32  473.33  4.76

Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында 28 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды деп жазады ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстанда аяз әлсіреп, күн борайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні күндіз аймақтың кей жерлерінде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал. 

«Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялап, өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды кеңес етеді», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары