$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте зорланды деген 3 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің ата-анасы қызына балабақшада зорлық әрекеттері жасалуы мүмкін екенін айтып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүлдіршіннің әкесі тілшілерге берген сұхбатында келеңсіз жағдайдың «Тұлпар» балабақшасында болғанын айтты. 

«Сол күні қызымды әйелім бақшадан алып келген. Үйде дәретке шыққысы келді. Ол алып барып, іш киімін шешкенде қан іздерін көріп қалған. Қорқып кетіп, маған хабарласты. Бастапқы кезде не болғанын сұрағанда ештеңе айтпады. Кейіннен бұл жағдайдың топқа кіре берістегі бөлмеде болғанын түсіндірді. Ол артқы жағынан бойы ағасынан биіктеу, бірақ анасынан қысқарақ біреу келіп, іш киімін шешкенін айтты. Сөйтіп белінен төмен жаққа қолын тықты деп түсіндірді. Қатты ауырғаны сонша, қызым жылап жіберген. «Қолыңды тарт» деп айқайладым дейді. Сол кезде ол адам қашып кетіпті. Бірақ тәрбиешісіне ештеңе айтпаған», - дейді бүлдіршіннің әкесі. 

Балақайдың ата-анасы сол күні кешкісін үйге полицейлерді шақыртып, балабақшаға барған. Қазір Шымкенттің ПД осы іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

«25 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғыны Қаратау аудандық полиция басқармасына арызданған. Қазіргі таңда осы іс бойынша  ҚР ҚК-нің 124-бабы, яғни «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201 және ҚР ҚК-нің 147-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, күні кеше прокурорлар алғашқы үйлестіру кеңесін өткізіп, қалада кәмелет жасына толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қатысты қылмыстар саны екі есеге артқанын айтқан болатын. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, мұндай қылмыстар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе немесе 18-ден 43-ке  көбейген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары