Балқашта өрттен 59 жастағы ер адам қайтыс болды. Қызыл жалын Ағайынды Мусиндер көшесінде орналасқан көпқабатты үйден шыққан. Өрт сөндірушілерді көшілері шақыртқан деп жазады orken-media.kz.
«Мен оны 20 жылдан бері танимын. Жалғыз тұратын. Еш жерде жұмыс істемейтін», – дейді көршісі Раиса Воронцова.
Бір бөлмелі үйдегі жиһаздар түгел өртеніп кеткен. Төсек орыннан 59 жастағы ер адам өлі табылған.
Өртті сөндіруге 1 сағат уақыт кеткен. Жоғарғы қабатта тұратын 15 адам сыртқа шығарылған.
Қайғылы жағдайдың өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан шыққаны анықталды.