$ 446.49  475.38  4.79

Жаңа жыл қарсаңында Семей халықаралық әуежайы іске қосылды

Жаңа жыл қарсаңында Семей халықаралық әуежайы пайдалануға берілді деп хабарлайды ШҚО-ның Ақпарат орталығы. 

Әуежайда ұзындығы 3100 метр болатын ұшу-қону жолағы және перронды қалпына келтіру секілді көптеген жұмыс жүргізілген.

Жалпы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының барлық стандарттарына сай әуежай енді халықаралық рейстерді қабылдайтын болады.

Айта кетейік, әуежай 30 жылдан кейін ғана жөндеуден өтіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары