Бұқар-Жырау ауданының 21 жастағы тұрғыны енесінің үйін әдейілеп өртеп жіберді. Жігіт әйелімен ұрысып қалған екен деп жазады Nur.kz.
Жас жұбайлар осы жылы тамыз айында ұрысып қалған. Жігіт қайта татуласпақшы болғанымен, әйел оған көнбепті. Бұған ашуланған 21 жастаға күйеубала енесінің үйіне өрт қойған.
Ол уақытта енесі үйінде болмаған, дүкенге шығып кеткен. Қайтып оралғанда үйінен қара түтіннің шыққанын көреді. Дереу өрт сөндірушілерін шақырған.
Үйдің иесі өрт сөндірушілерге мұны күйеубаласының істегенін айтқан. Өйткені дүкеннен келе жатқанда ол күйеубаласының қашып бара жатқанын көріпті. Кейіннен жігіт өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізген.
Бұқар-Жырау аудандық соты күйеубаланы 3 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол жүз сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды.