Жаңалықтар 28.12.2018 сағат 14:11  377

Қостанай облысында 58 жастағы әйел жоғалып кетті

Қостанай облысының полицейлері 58 жастағы облыс тұрғынына іздеу салды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында 58 жастағы әйел жоғалып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобец 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

 Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелге қатысты мәліметтерді жариялады. 

Оның бойы - 165-170 см, ірі денелі, шашы қысқа, қара түсті, көзі жасыл түсті. Үйінен шыққанда үстіне қара түсті капюшоны бар мамық үлбір (пуховик) мен қара түсті шалбар, аяғына қара етік киген. 

Хабар-ошарсыз жоғалған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса Федоров аудандық полиция бөлімшесіне хабарласыңыздар. Байланыс нөмірлері: 8(714-42) 2-18-58; 8-705-300-78-11, немесе «102» (қоңырау тегін).

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар