25.09.2015, 04:38

ЭКСПО-2017 көрмесінің шығыны 22 млрд теңгеге қысқарды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрме шығынын барынша қысқартқанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

«Алғашқы кездегі қарастырылған қаржыдан бөлек қосымша ақша қажет болмайды. Бұдан бөлек, біз жоба құрылысын 22 млрд теңгеге қысқарттық. Бірақ нысандар толық салынады. Ол үшін жоба жасаушылар және реттеушілермен кездесік. Оларды көндіру оңай болған жоқ», — деді ол.

«Президент маған халық үшін қызықты, әрі маңызды жобаны сеніп тапсырды. Жұмыс өте көп. Ең алдымен тиімсіз, қиын құрылымды байқадым. Жағдайдан шығу үшін барлығы оңтайластырылды. Компания барынша мобильді болды, артық қосымша топтарды, топ-менеджменттерді қысқарттық. Осыған орай, парламент өзіне тиесілі тапсырманы жақсы біледі. Нәтижесінде жалақының жылдық қорынан 150 млн теңгеден аса қаржы үнемдедік. Барлық ақша және қажетті құралдар барынша тиімді пайдаланылады», — деді А. Есімов.

Компания төрағасының сөзіне қарағанда, жоба қолға алынғаннан бері түрлі жағдай орын алғаны белгілі. Сондықтан жобаға қатысты мәселе көп.

Сондай-ақ, қазіргі төраға экс-төраға Талғат Ермегияевқа қатысты сөз қозғағысы келмейтінін жеткізді.