$ 494.87  520.65  4.91

Астаналық әйел ертеңгілікке келген өзгенің ұлын ұрлап кетпек болған

Астаналық әйел ертеңгіліктердің біріне келген баланы ұрлап кетпек болды. Бұл туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарияланды.

Әйел адам 6 жастағы баламен асханада тамақтанып отырған. Мектеп қызметкерлерінің бірі кеп одан: «Сіздің ұлыңыз ба?» деп сұрағанда келіншек: «Иә» деп жауап берген. Ал бала үндемеген. 

Екеуі мектептен шығып бара жатқанда оларды баланың анасы көріп қалып, тоқтатқан. Дәл сол кезде сырттан такси жүргізушісі жүгіріп келіп, әлгі әйелдің өзіне күте тұр деп айтқанын жеткізген. 

Мектеп қызметкерлері келіншекті полицияға тапсырды. Алдын ала болжам бойынша, ол шизофрениямен ауыруы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары