Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жегі 2019 жылы Мексикада өтеді деп жазады sports.kz.
Azteca Deportes басылымының тілшісі Карлос Агилар мәліметінше, «Головкин-Канело» жекпе-жегі жайлы мәселе өз шешімін тапқан.
«Бекітілді! Сауль Альварес пен Геннадий Головкин үшінші жекпе-жегін 2019 жылы Мескикада өткізетін болады. Алайда, кездесудің нақты уақыты әлі айтылмай жатыр», - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін Альварестің промоутерлері Головкинмен жекпе-жектің мамыр айында болмайтынын айтқан еді.