$ 514.65  544.6  5.17

«Ұлттық бас киімді киюдің қажеті жоқ»: Айжан Байзақова жалаңаш денесіне сәукеле киген қызға ақыл айтты

Жалаңаш денесіне сәукеле киіп, қазақтың ұлттық әшекейін тағып суретке түскен тараздық ару Шынар Нарчаеваға атышулы Айжан Байзақова ақыл айтты.

Бір кездері өзі де көпшіліктің талқысына түскен Айжан Шынарды өзіне ұқсатты.

«Екеуіміздің контентіміз ұқсас. Егер қыз дұрыс адам болса, онда ол да мен сияқты өз өмірі үшін алаңдайды. Мұндайда тек ақымақтар ғана қорықпайды. Мен де «маған бәрібір» деп айтқаныммен, жан-жағыма қарап алаңдап жүретінмін. Арыз, айыппұл, адамдардың ғаламтор арқылы айтатын ақыл сөздері - бұлар түк емес. Бірақ қалада қаншама ақылы ауысқан адамдар бар. Түсінігі жоқ адамдарға бұл менің өмірім, араласпаңыз деп қанша айтсаң да өзгерте алмайсың. Олар сөзіңді тыңдамайды да. Сондықтан Instagram әлемінен бөлек қарапайым өмірде өзіңді қорғай алуың керек. Қаласаң жалаңаш суреттеріңді жариялай бер. Бірақ жалаңаш денеңе ұлттық бас киімді киюдің қажеті жоқ. Өйткені, бұл шынымен де біреулердің намысына тиюі мүмкін», - деп жазды Байзақова Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары