$ 494.87  520.65  4.91

Зарина Дияс ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэн қаласындағы беделді турнирде ресейлік теннисші Евгения Родинадан жеңіліп қалды деп жазады Sports.kz.

Матч 3:6, 6:3, 7:6 (9:7) есебімен аяқталды. WTA рейтингінде 71-орында тұрған ресейлік теннисшімен Дияс бұған дейін де кездескен болатын. 2018 жылы Цинциннатиде өткен турнирде отандасымыз екі сеттің қорытындылары бойынша жеңіске жеткен.

Енді Шэньчжэн турнирінде Родина Элисон Риске (АҚШ) - Ван Цян (Қытай) матчының жеңімпазымен күш сынасады.

Шэньчжэн турнирінің жүлде қоры 600 мың АҚШ долларын құрайды. Қазіргі чемпион - румыниялық Симона Халеп. Ол былтыр финалда чехиялық Катержина Синяковадан басым түскен.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары