Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 602 бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 30 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 307 жұмыскер шықты.
«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 21 106 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 12 100, өзге мекемелер 8606, «Астана көгалдандыру құрылысы» 400 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» компаниясының хабарламасында.
16 қазан мен 30 желтоқсан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 992 450 текше метрді құрайды. 13 қазаннан 30 желтоқсанға аралығында құм-тұз аралас қоспаның 12 296,5 текше метрі шашылды.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады. Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.