02.01.2019, 09:06

Астанада мереке күндері ішімдік ішіп көлік жүргізгендер ұсталды

Жаңажылдық мереке күндері Астанада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқилары кезінде зардап шеккендер болмады. 2018 жылғы 31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін 7 жүргізуші көлікті ішімдікке масайған күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық автотұраққа қойылды», - делінген Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада жаңажылдық демалыс күндері 70-тен астам қылмыс тіркелді.