02.01.2019, 09:36

Қарағандыда мейрамханалардың бірінің маңынан ер адам өлі табылды

Қарағандыда мейрамханалардың бірінің маңында 23 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 24-27 жастағы тағы 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, жанжал спирттік ішімдік ішкеннен кейін шыққан. Күдікті тұтқындалды», –  деп хабарлайды департаменттергілер.