$ 445.66  474.58  4.78

Магнитогорскте апаттан қаза тапқандар саны 33-ке жетті

Ресейдің Магнитогорск қаласында көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, құтқарушылар үйінді астында қалып қойды делінген жеті адамды іздеп жатыр. Министрлік мәліметінше, құрбандар арасында алты бала бар. Алты адам, оның ішінде үйінді астынан тірі табылған 11 айлық бала ауруханаға түскен деп жазады Азаттық. 

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарында паналап жатыр. Тергеу комитеті оқиғаны «теракт емес»  деп хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізген. Газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барған.

2 қаңтар Челябинск облысында қаралы күн деп жарияланды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары