Жаңалықтар 03.01.2019 сағат 05:19  495

Қарағандыдағы қанды төбелеске қатысты күдіктіге республикалық іздеу жарияланды (ФОТО)

Қарағандыда 23 жастағы жігітті өлтірді деген күдіктіге республикалық іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты деп жазады Tengrinews.kz.

Қарағандыдағы қанды төбелеске қатысты күдіктіге республикалық іздеу жарияланды (ФОТО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, үш ер адамды ұстады: Малхасян Торгом Манвелович, Малхасян Сохак Самвелович, Надырбеков Каир Хамитович.

Ұсталғандар аса ауыр қылмыс істеді деген күдікпен ұсталып, Қарағанды сотының санкциясымен қамауға алынды.  

Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті Гурурян Нарекке іздеу жариялады.

Полиция ізделініп жатқан адам туралы мекенжайы туралы қандай да бір мәлімет білген азаматтарды 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.  

Облыстық прокуратура өкілдері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде төбелес салдарынан екі адамның қайтыс болғаны және оның ұлтаралық алауыздықтан болғаны жайлы жалған мәліметтер таралып жатқанын айтады. 

«Екі топ ер адамдар арасында төбелес шықты, бірақ ол ұлтаралық алауыздықтан шыққан жоқ. Төбелескендердің ішінде қазақтар да, басқа ұлт өкілдері де бар. Азаматтардан арандатушылық әрекеттерге сенбей, тергеу органдарының расталған мәліметтерін бақылап отыруын сұраймыз», - деп ескертті прокуратурадағылар. 

«Құқық қорғау органдарының өкілдері тергеуді барынша ашық жүргізіліп, тергеу барысы жайлы мәліметтердің барлығы БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланатынын айтады. Тергеу облыстық прокуратураның бақылауында», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар