Жаңалықтар 03.01.2019 сағат 05:56  218

Денисті өлтірмедік: Күдіктілер өздеріне тағылған айыппен келіспеді

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты екінші сот отырысы басталды. Оның барысында үш айыпталушы да өздерінің кінәсін мойындамай, тағылған айыппен келіспейтіндерін айтты деп жазады NUR.KZ.

Денисті өлтірмедік: Күдіктілер өздеріне тағылған айыппен келіспеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Ұрлыққа келісемін, қарақшылық пен адам өлтіруге келіспеймін. Біреуді өлтіру ойда болмаған»,- деді күдікті Құдайбергенов.

Күдіктінің бұл айтқанымен Нұралы Қиясов та келісетінін жеткізді.

«Тағылған айыппен келіспеймін. Өлтіргіміз келмеген», - деді Қиясов.

Толыбаева болса, тіпті қылмысқа бара жатқанын білмегенін айтты.

«Мені қылмысқа қатысушылар қатарынан алып тастауларыңызды сұраймын. Мен ұрлыққа барғанымызды білмедім. Оған қоса, Дениске қалай пышақ сұғып жатқанын да көргем жоқ»,- деді Жанар Толыбаева.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар