$ 446.49  475.38  4.79

Астанадағы түнгі клуб басшылығы сал ауруына шалдыққан қызды не үшін кіргізбегенін түсіндірді

Астанада церебралды сал ауруына шалдыққан ерекше қыз Камилла Шоқанова күні кеше ғана жаңажылдық кеште өзін түнгі клубқа кіргізбей қойғанын айтып, Facebook әлеуметтік желісіне наразылығын жеткізген еді. Бүгін түнгі клуб басшылығы Камиланың Face-бақылаудан не үшін өте алмағанын түсіндірді. 

Айтуларынша, Face-бақылау қонақтарды түрлі себептермен өткізбей қоятын көрінеді. 

«Сау адам да Face-бақылаудан өтпей қалатын кездер болады. Еш себепсіз де қонақтарға қызмет көрсетуден бас тартамыз. Бірақ болған жағдай үшін кешірім сұраймыз», – деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары