Жаңалықтар 03.01.2019 сағат 10:47  328

Елімізде жәрдемақы 5 пайызға өсті

Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елімізде жәрдемақы 5 пайызға өсті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты. Бұл  88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

«Осы орайда, еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі  15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы  20,6 мыңнан  21,7 мың теңгеге дейін өсті», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар