1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні орын алған оқиға жөнінде павлодарлықтар әлеуметтік желі арқылы білген. Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына ұсынған жауапта облыстық полиция департаменті қайғылы ақпаратты растады деп жазады pavlodarnews.kz.
«Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай өз анасын өлтірген және туысқанына қастандық жасаған деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстап, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - деді ведомствода.