04.01.2019, 05:44

Доллар 2,5 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 379,15 теңгені құрады деп хабарлайды KASE.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,49 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 378,5 теңге, ал ең жоғарысы - 379,8 теңге болған. Сауда көлемі 47,1 млн долларды құрады.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 381,64 теңгені, күндізгі сессияда 381,21 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 381,38 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 76,05 млн доллар болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат