04.01.2019, 06:39

«Шыңғырып жіберді»: Қызылордада 7 жастағы қыз педофилден аман құтылған

Қызылорда қаласында көп қабатты үйлердің біріндегі подьезде ер адам 7 жастағы қызды зорламақ болған деп жазады NewTimes.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 2018 жылдың 6 қыркүйегінде белгісіз ер адам 7 жастағы қызды зорламақ болған. Қыз баланың шыңғырған даусынан қорыққан ол арам ойын іске асырып үлгермеген.  Көп ұзамай бейнебақылау камерасы арқылы ер адамды полицейлер дереу қолға түсірген. 

Қызылорда қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгенін айтады.

Бұған дейін де адам зорлап 7 жылға сотталған қылмыскерді сот 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. 

Сондай-ақ оған химиялық кастрация жасауға шешім шығарылған. Айта кетейік, педофилді піштіру Қызылордада бірінші рет жүзеге асырылып отыр.