Жаңалықтар 04.01.2019 сағат 06:59  443

«Өлерінде маған сенетінін айтты»: Түркістан тұрғыны ағасы қайтыс болған соң жеңгесіне әмеңгерлікпен үйленген

Түркістан тұрғыны Жәнібек Айдаров жеңгесін үш баласымен қазақтың әмеңгерік жолымен әйелдікке алды.

«Өлерінде маған сенетінін айтты»: Түркістан тұрғыны ағасы қайтыс болған соң жеңгесіне әмеңгерлікпен үйленген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы «Қарекет» бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін кейуананың 28 жыл көрмеген ұлымен қауышқаны жөнінде жазған едік. Қалыбек Айдаров Украинаға кетіп, содан 28 жыл бойы Қазақстанға оралмаған. Бағдардама қызметкерлерінің көмегімен анасы мен ұлы қайта табысып, көрерменің жүрегін елжіретті.

Осы кейіпкеріміздің інісі Жәнібек Айдаров қайтыс болған ағасының әйелін әмеңгерлікпен әйел қылып алған. Ағасының артында қалған үш баласына әке орына әке болды.

«1975 жылғы бірінші күйеуім 2007 жылы қайтыс болды Өлері алдында маған ағасын тапсырып кетті. Саған аманаттамаймын, бірақ саған сенем деді. Үміт үзбе, сен кетсең мен не істеймін деп жыладым. Сол күйі маған сеніп кетті. Кейін інісімен әмеңгерлік жолымен қосылдым. Ол қарсы болған жоқ. Балаларыма жақсы қарайды. Тату-тәтті тұрамыз», – деді Гүлнәр есімді келіншек.

Тележүргізуші Бейсен Құранбек Жәнібектің қолын алып, алғысын айтты. «Азамат екенсің» деген жылы лебізін білдірді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар