Жаңалықтар 04.01.2019 сағат 09:49  229

«Арамызда кикілжің болған емес»: Денис Теннің сыныптасы өзінен күдіктенгендерге жауап берді

«Гедонист» мейрамханасының басшысы, сондай-ақ, Денис Теннің сыныптасы Руслан Хайруллаев мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Теннің сотта айтқан сөздеріне қатысты не ойлайтынын жеткізді деп жазады Sputniknews.kz

«Арамызда кикілжің болған емес»: Денис Теннің сыныптасы өзінен күдіктенгендерге жауап берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ер адамның айтуынша, мектеп бітіргелі ол Денис Тенмен байланысқа шықпаған. Спортшының қазасынан біраз уақыт бұрын ғана қайта араласа бастаған. 

«Біз тек бір рет байланысқа шықтық. Арамызда ешуақытта кикілжің болған емес. Күдіктілер орындығында отырған азаматтармен де таныс емеспін. Бұл бар болғаны аналық сезіммен байланысты болып жатқан жағдайлар деп ойлаймын. Тергеу барысында анықталған барлық факті — кездейсоқ дүниелер. Мен Денис Теннің келуін қоймай сұраған жоқпын, бар болғаны шақырдым. Бір күн бұрын қалай көрісетініміз туралы жаздық. Ол біздің мейрамханаға қатты келгісі келіп жүрді. Бұл оның сөздері», – деді Хайруллаев.

Айтуынша, ол Тенді түскі асқа тағамдардан ауыз тиіп көрсін деген ниетпен шақырған. Сондай-ақ, ер адам марқұм спортшының гастрономиялық жобаларға қызығушылығы болғанын атап өтті.

«Денис Тен маған әрдайым жақсы қарым-қатынас танытты. Мен оны ақжарқын және шынайы адам деп білемін», – деді мәнерлеп сырғанаушының сыныптасы. 

Сондай-ақ, ер адам 19 шілде күні не болғанын еске алды.

«Мен үстел басында отырғанмын, жаныма еден жуушы айқайлап жүгіріп келді. Мейрамханамыз екіқабатты болғандықтан, төменге түстім. Аспаздармен бірнәрсе болған шығар деп ойладым. Қазақ тілінде бірнәрселер айтылып жатты: тапа-тал түсте кімде пышақ болуы мүмкін, біреуді жаралап кетіпті дегендей. Мен қызметшілер арасында жанжал болған шығар деп ойладым. Оқыс жағдайдың сыртта болғанын түсініп, сол жаққа қарай жүгірдім», – деді Хайруллаев.

Оның айтуынша, ол осы жағдайдан бір күн бұрын Денис Тенді Панфилов көшесінде кездейсоқ жолықтырған. Яғни мейрамханасына сол сәтте шақырған.

Денис Теннің анасы Оксана Тен бүгін сот отырысында ұлының ажал құшқан күнін еске алып, неге тапсырыспен өлтірілді деп санайтынын түсіндірген болатын. 

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот 25 желтоқсанда басталды. Отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деп мәлімдеп, соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған болатын. Бірақ судья істі қайта тергеуге жіберудің қажеті жоқ деп шешті.

Бұдан бөлек, Теннің отбасының қорғаушысы спортшының өліміне себеп болған айна ұрланған сәтті екі полицейдің көруі мүмкін екенін айтқан еді.

3 қаңтарда өткен сот отырысында Құдайбергенов пен Қиясов ұрлық жасағандарын мойындады. Алайда Денис Тенді өлтіруді жоспарлаған жоқпыз деді. Ал Толыбаева соттан өзі айыпталып отырған баптарды өзгертуді сұрады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар