$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер алдағы демалыс күндері күн жылынатынын айтты

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күндік демалыста ауа райы қандай болатынын хабарлады деп жазады Sputniknews.kz.

Болжамға сүйенсек, аяз бен жауын-шашынсыз ауа райына себеп болған Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай ығыса бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталығы мен Қара теңізден циклондар және атмосфералық фронттар жылы әрі ылғалды ауа массаларын әкеледі. 

Осыған байланысты 5-8 қаңтар аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжығандықтан, қар, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болып, тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары