Жаңалықтар 05.01.2019 сағат 04:06  173

Қостанай облысында 2 800 кәсіпкердің салығы кешірілмек

Қостанай облысында 3 мыңға жуық кәсіпкер салықтық амнистияға ілігеді деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысында 2 800 кәсіпкердің салығы кешірілмек
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, салықтық рақымшылыққа байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енді. Осыған орай, арнайы заң жобасы әзірленді. Салықтық амнистия Қазақстан бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан басталды. Жалпы алғанда, республикада 90 077 орта және шағын бизнес субъектісі рақымшылыққа ілігеді. Оның 31 210-ы - заңды тұлға, 58 867-сі - жеке кәсіпкер. Ал Қостанай облысында 2 800 кәсіпкер жалпы сомасы 3,6 млрд теңге болатын салық міндеттемесінен босатылады. 

«Бұл жоба 2018 жылдың 1 қазанынан бергі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда, шағын және орта бизнес салығының өсімақысы мен айыппұлдарын алып тастауды көздейді. Мұнымен қоса, 2018 жылдың 1 қазанынан бергі негізгі қарызға қосылған өсімпұл да салық төленгенге дейін есепке алынбайды. Барлық кәсіпкерлерді мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті қолдануға шақырамыз», - деп түсіндірді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жібек Сейітова. 

Сарапшы сөзінше, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жерасты суларын және емдік балшықтарды қолданушылардан басқа), сондай-ақ акцизделетін өнімдерді (темекі, алкоголь) өндірушілер бұл рақымшылыққа ілікпейді. Аталған құжат бойынша салықтық рақымшылық келесі жылдың соңына дейін жалғасады. 

Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қазанында Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын. 

Аталмыш Жолдауда Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізілетінін атап өткен еді. 

«Бизнес жұмысын таза парақтан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізуге кірісуді тапсырамын. Дегенмен, барлығы да тегіс болып отырған жоқ. Біріншіден, салықты әділ төлейтін бизнес бар. Ол ертең «ананікін сыздың, менікін неге сызбадың?» дейді. Яғни, ол мемлекетке негізгі салығын төлеген болса, онда өсімпұлдар мен айыппұлдар жайында сөз болып отыр»,-деген еді Елбасы.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар