Дмитрий Чесноковты туыстары он күннен бері іздеп жатыр. Ол тас жолдағы аялдамада із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy. парақшасында жарияланды.
«Слесарь болып жұмыс ісейтін ер адам жұмысшыларды таситын автобустан түскеннен кейін жоғалып кеткен. Автобустың жүргізушісі жұмысшыларға ыңғайлы болсын деп Қарағанды-Балқаш тас жолындағы Ақсу-Аюлы елдімекеніне жақын маңға тоқтаған. Дмитрий де басқаларымен бірге автобустан шыққан. Бірақ Қарағандыға жүретін атобусқа мінбеген. Оны әріптестері 10-15 минуттай күткен екен. Ал заттары рейстік автобус салонында қалыпты», – деген жазба қалдырған автор.
«Сол күні 27 желтоқсанда Балқаштан Димамен бірге жұмыс істейтін әріптесі, әрі досы да фирмадан қайтқан. Менің ағам «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының қызметтік киімінде болған. Басқа жұмысшылар мен досы ағамды іздеп көріпті. Алайда, ол еш жерде жоқ болған соң, ешкім ұзақ күте алмапты. Өйткені барлығы Қарағандыға үйлеріне асыққан. Сөйтіп автобус кетіп қалған», — дейді Дмитрий Чесноковтың қарындасы Юлия.
Юлияның айтуынша, Шет аудандық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалып кеткен Дмитрийді іздестіруге көшіпті.
«Еш амалымыз қалмаған соң балгерге бардық. Ол ағамды тірі екенін айтты. Бірақ оның адасып кетуі мүмкін деп отыр», – дейді Юлия.
1987 жылдың тумасы Дмитрий Владимирович Чесноковтың туыстары егер оны көргендер немесе ол туралы ақпарат білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуларын өтініп сұрайды.