08.01.2019, 04:53

Қара теңізде жүк кемесі суға кетіп, алты адам қаза тапты

Қара теңіздің Түркия жағалауларына жақын жерінде Ресей, Украина және Әзірбайжан азаматтары бар жүк кемесі суға кетті. Бұл туралы РИА Новости жазады.

Алты адам қаза тауып, жеті экипаж мүшесі құтқарылып үлгерген.

Самсун провинциясы әкімшілігінің ақпаратынша, олар Панама туымен келе жатқан «Волга-Балт» кемесінің апат дабылын жергілікті уақыт бойынша 08:10 кезінде алыпты. Кеме Самсуннан 80 шақырым қашықтықта болған.

Кемеге тоғыз Украина, екі Әзірбайжан және екі Ресей азаматтары мінгені анықталды.

Дереккөз: NUR.KZ