Қарағанды қаласының тұрғыны Альфия Асанова 29 желтоқсан күні із-түссіз жоғалып кеткен деп жазады «NewTimes.kz».
Отбасының досы Мұрат Шариповтың айтуынша, әйел жаңа жыл қарсаңында азық-түлік алуға шығып кеткен екен. Алайда, үйге қайтып оралмаған.
«Ол дүкенге сағат 11:00 шамасында шыққан болатын. Содан кейін үйге келмеді. Құжаттары мен ұялы телефонын өзімен бірге алмаған. Альфияның 7 жасар қызы мен кәрі анасы бар. Ол жұмыс істемейді, қызының тәрбиесімен айналысады. Пәтерлерін жалға береді. Күйеуімен екі жыл бұрын ажырасып кеткен болатын, бірақ олар араласып тұрады», – дейді Мұрат.
Әйелдің жоғалғаны туралы туыстары полицияға арыз жазған. Алайда, еш мәлімет жоқ.