$ 498.34  519.72  4.85

«Футболкасын жыртып, денесін байладым»: полицей Денис Тенге қалай көмек көрсеткенін айтты

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта куәгер ретінде келген полиция қызметкері Еркінбек Ердос Еркінбекұлы оқиғаның қалай болғанын айтты деп жазады Stan.kz.

Еркінбекұлының айтуынша, ол оқиға орнына келгенде Денис ессіз күйде қансырап жатқан. Бұл сәтті оның Денис Тен екенін білмеген.

«Мен рация арқылы пышақ жарақаты туралы ақпарат алған кезде Масанчи көшесінің бойындағы ІІД мекемесіне қарсы жерде тұрдым. Қабанбай батыр мен Абылай хан көшесімен көлікпен жүріп өтіп, Шевченоко бір бағытты болғандықтан автобус жолағымен қарсы бағытта жүрдім. Алдымнан полиция қызметкері кездесіп қылмыс болғанын түсіндірді. Екі күдіктінің Абылайханмен қашқанын айтты. Мен оқиға орнына келгенде жас жігіт ессіз күйде қорылдап жатты. Одан көп қан ағып жатты. Мен рациямен полицейлерге хабарлап, жедел жәрдем шақырып, күдіктілердің қайда қашуы мүмкін жақтарын хабарлап отырдым. Футболкасын жыртып, денесін байлауға тура келді. Ол жерде 5-6 адам болды. Бір жігіт оқиғаның қалай болғанын көргенін айтты. Одан сол жерде қалып, жауап беруін сұрадым», – дейді Еркінбек Ердос Еркінбекұлы.

Айтуынша, жедел жәрдем келген соң зардап шегушіні салып жіберіп, өздері оқиғаның қалай болғанын анықтауға кіріскен. Одан өзге оқиға орнында полиция қызметкері болмаған. Ал куәгер Денис құлаған уақытта көлігінде отырған. Жігіттердің жүгіріп кеткенін көрген. Полиция қызметкері зардап шегушіге көмек көрсетуін сұрап, өзі күдіктілердің соңынан қуа жөнелген. Осы кезде ғана қылмыс болғанын түсініп, көлігінен  түсіп көмекке ұмтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары