$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 14 жастағы қыз газдан уланып қайтыс болды

Шымкентте  жеткіншек газдан уланып қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы жағдай жер үйде болғанын хабарлайды.

«Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні болған. Түскі сағат 15:00 шамасында жер үйде 2005 жылы туған қыз табиғи газдан уланып қайтыс болғаны туралы хабарлама келді. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебі анықталуда», – дейді ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас қызметкері Зарипа Тұрұсбаева.

Ведомствада хабарланғандай, бұл 2019 жылда болған екінші оқиға. 1 қаңтар күні Шымкентте ер адам түтінге уланып қайтыс болған.

Дереккөз: Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары