Шымкентте жеткіншек газдан уланып қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы жағдай жер үйде болғанын хабарлайды.
«Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні болған. Түскі сағат 15:00 шамасында жер үйде 2005 жылы туған қыз табиғи газдан уланып қайтыс болғаны туралы хабарлама келді. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебі анықталуда», – дейді ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас қызметкері Зарипа Тұрұсбаева.
Ведомствада хабарланғандай, бұл 2019 жылда болған екінші оқиға. 1 қаңтар күні Шымкентте ер адам түтінге уланып қайтыс болған.
Дереккөз: Nur.kz