$ 443.85  474.3  4.8

Доллар алты теңгеге арзандады

Доллардың орташа бағамы 372,51 теңге болды.

Қазақстанның қор биржасындағы таңғы сауда-саттық бойынша, доллар 5,61 теңгеге арзандады. Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, айырбастау пункттерінде бір доллар 375 теңгеден сатылып жатыр.

Екі апта бұрын 29 желтоқсанда доллар биржадағы рекордтық бағаға көтерілген болатын – 384,2 теңге. 

Жаңа жыл қарсаңында теңгені құнсыздануын ұлттық экономика министрлігі түсіндірген еді. Ведомство басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл АҚШ-тың федералды резервтік жүйесі мөлшерлемесінің жоғарылауына байланысты болған.

2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша теңге бір доллар үшін 370 теңге деңгейінде болмақ.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары