Қызылордада арнайы іздеу тобы 3 аптадан бері Сырдария ауданының 2 тұрғынын таппай жатыр. Қараөзек өзеніне кеткен 2 балықшының 17 желтосқан күні тек көліктері табылған.
Алдын ала болжам бойынша, көлік көпірден құлап кеткен. Құтқарушылар автокөлікті сыртқа шығарғанымен 2 балықшыны таба алмады.
«Бізге адамдардың жоғалғаны жайлы хабар көбіне кеш келеді. Қазір судың бетіне мұз қатып қалды. Сүңгуірмен жұмыс істеу өте қиын. Сол үшін тұрғындарды техникалық қауіпсіздікті сақтауға шақырамыз», – дейді Оңтүстік аймақтық аэромобильді құтқару жасағының баспасөз қызметі.