$ 494.87  520.65  4.91

Үш жігіт Алматы облысының тұрғынын өлтіріп, өртеп жіберді

Үш жігіт Алматы облысының тұрғынын өлтіріп, артынша өртеп жіберген деп жазады «NewTimes.kz».

Бұл оқиға Талғар ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 30 желтоқсан күні болған.

Анық болғандай, марқұм мен күдіктілер сол күні бірге алкогольдік ішімдік ішіпті. Бір уақытта ер адамдардың арасында кикілжің туындаған.

«Оқиға Талғар ауданында 30 желтоқсан күні болған. Денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар ер адамның күйген мәйіті табылды. Оның 1980 жылы туған жергілікті тұрғын екені анықталды», – дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі күдікті ұсталған, ал біреуі болса әлі іздестірілуде. Күдіктілер — 1999 және 1998, 1992 жылғылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары