Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Маралды ауылына жақын маңда Lada Vesta автокөлігі темір аялдамаға соғылған деп жазады pavlodarnews.kz.
Көлік жүргізушісі мен салонда болған 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған.
«Қабырғасы сынған 42 жастағы ер адам, бас-ми жарақатын алған 60 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірім қыз және оң жамбасы сынған 40-тағы әйел ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.