Ресейдің тергеу комитетінің қызметкерлері 40 жастағы фельдшердің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп жазады Stan.kz.
«Қандай жағдай болмасын арызда жазылған жайт тексеріледі», – деді Омбы облысындағы тергеу комитетінің қызметкерлері.
40 жастағы фельдшер өзін дәрігерлердің зорлағанын айтты.
Арыз 7 қаңтарда түсті. Зардап шегуші кезекшілік кезінде екі ер дәрігердің демалу бөлмесінде өзін зорлағанын айтты. Зорлау оқиғасы 1 қаңтарда болған.
10 қаңтар күні Уфадан келген тергеуші үш полицейдің өзін зорлағанын айтып, 30 млн.рубль көлемінде өтемақы талап еткен еді.