Батыс Қазақстан облысында 12 қаңтар күні ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша кей жерлерде күн жауын-шашынды, бұрқасын болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оған қоса оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Орал қаласында да бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға СМС-хабарламалар жіберуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде ауа райына байланысты барлық жолдардың жабылғанын, қар құрсауынан 80-ге жуық көліктің шығарылғанын жазған болатынбыз.
4-5 ақпан күндері болған боран салдарынан жол аршу да қиынға түсіп, кейбір ауылдармен қарым-қатынас та үзіліп, кейін қалпына келген еді. Содан кейін өңірде аяз күшейіп тұр.