14 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, дауылды жел болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерін тұман басады. Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықтағы желдің күші 25 м/с артады. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басады. жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ көктайғақ болуы ықтимал. Павлодар облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артуы мүмкін.