$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында ана екі баласын далаға тастап кетті

Атырау облысында әйел жолды қысқартпақшы болып, үш баласымен батпақты жермен жүрген. Алайда, екі баланы сүйреуге шамасы келмеген соң, оларды далаға тастап кеткен деп жазады «Мой город».

13 қаңтарда әйел полицейлерге хабарласып, екі баласының жоғалып кеткенін айтқан. Құқық қорғаушылар 8 жасар қызбен 3 жасар ұлды ұйықтап жатқан тұста түнгі сағат 23:00-де даладан таба алды.

«Әйел үш баласымен сағат 19:00 шамасында зауытқа дейін таксимен келген. Ары қарай Тасқалаға дейін жаяу жүрмекші болады. Бірақ жол бойында екі баласы батпақтан жүре алмаған.  Сол кезде әйел екеуін тастап, қолындағы кіші баласын үйге апаруып, қайтып келетінін айтады. Алайда, екі баласын таппай қалған. Сөйтіп сол жердегі күзетшіден полиция шақыруын сұрайды», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, балалар бірден қалалық ауруханаға жеткізілген. Олардың денсаулықтарына ешқандай қауіп төнбегені анықталды. Ал, тексеру кезінде анасының жеңіл деңгейде мас болғаны белгілі болған. Ендігіде әйелге қатысты кәмілетке толмағандар ісімен айналысатын комиссия шешім шығарады.

38 жастағы әйел бұған дейін де ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл отбасы жағдайы төмен отбасы санатына жатады.

 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары