Жаңалықтар 14.01.2019 сағат 12:14  240

Астанада әр тұрғын қазақ тілін тегін оқыту курсына жазыла алады

Елорданың кез келген тұрғыны қазақ тілін тегін оқыту курстарына жазыла алады деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада әр тұрғын қазақ тілін тегін оқыту курсына жазыла алады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы елордалық ересек тұрғындарға қазақ тілін қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгеру бойынша тегін оқыту курсына жазылу басталғанын хабарлайды.

Ведомствода мәлімдегендей, қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар 2019 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында қаланың төрт ауданындағы оқу залдарында оқытылатын болады. Курс барысында тыңдаушылар қажетті оқу құралдарымен қамтылады.

Курсқа жазылу және өзге де сұрақтар бойынша +7 (7172)77-93-37 байланыс нөміріне хабарласуға немесе ryhaniat@gmail.com электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар