$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген айыпталушы соттан босап шықты

Қылмыстық кодекстің төрт бабымен, оның ішінде кісі өлтіру мен кәмелетке толмаған қызды зорлау бабы бойынша айып тағылған айыпталушы Асхат Темірбаев 11 қаңтарда сот залынан босатылды деп хабарлайды Мой ГОРОД.

Шілде айында Зеленов ауданы Дарынды ауылында өлтірілген Дананың әкесі Ербол Өтелғалиев қызын өлтірген айыпталушы Асхат Темірбаевтың сот залынан босатылғанына сене алар емес.

«Ол төрт бап бойынша айыпталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру», 120-бабы 3-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағанды зорлау», 121-баптың 3-тармағының 3-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасау» және 188-баптың 1-бөлігі бойынша «Ұрлық» жасау. Сот қазылар алқасымен болды және оны қазылар алқасы ақтап алды. Сонда үкім шығып, оны босатты. Ол бұрын да сотталған, енді бостандыққа шығып, біздің арамызда жүр», – дейді қайтыс болған қыздың әкесі жыларман болып.

Кісі қолынан қаза болған қыздың әкесі Асхат Темірбаевтың алғашында куәлік берген кезде бар кінәсін мойындағанын айтты. Бірақ, кейінірек ол айғақтарын өзгертіп, қысымға ұшырағанын айтқан екен.

Өлітірілген қыздың ата-анасы ұсынған айыптау актісінде 28 шілде күні сағат 1:30-да Дана мен Асхаттың достарымен бірге мектептің ойын алаңында бірге болып, алкогольдік ішімдік ішкендері айтылған.

«Ішімдікке мас болған Темірбаев шамамен 3.40-да кәмелетке толмаған Өтеғалиевамен жыныстық қатынасқа түсу туралы арам ойлаған. Сонда ол арам ниетін жүзеге асыру үшін Өтегеналиеваға ары қарай жақсы тіл табысу үшін спорт алаңынан бірге кетуге ұсыныс жасаған»,- делінген айыптау актісінде.

Сонда Дана онымен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан. Айыптау актісінде Асхат «зорлық-зомбылық үшін өзінің физикалық артықшылығын біле отырып, кәмелетке толмаған қызды қасақана бетінен бірнеше рет ұрған» деп көрсетілген. Ал бетінен соққы алған Дана жерге құлағанда, Асхат оны зорлаған. Сол кезде қыз құқық қорғау органдарына шағымданатынын айтып, қорқытқанда, қылмыскер жәбірленушіні арқанмен қылқындырған.

«Содан кейін Дананың өлгеніне көз жеткізген Темірбаев, басқа біреудің мүлкін ұрлау мақсатында, жәбірленушінің қалтасынан 150 мың теңге тұратын ақ түсті IPhone телефонын шығарып алып, кейін ол телефонды сөндіріп, арам ниетін жалғастырған. Сөйтіп, ол басқа қылмысын жасыру үшін қыздың телефонын ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен»,- делінген айыптау актісінде.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары