15.01.2019, 04:46

Қарағанды облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, 4 адам қаза тапты

12 қаңтар күні Балқаштан 33 шақырым қашықтықта КамАЗ аударылып, 4 адам қаза тапты деп жазады NewTimes.kz.

«36 жастағы ВАЗ-2107 көлігінің жүргізушісі қарсы жолға шығып, 55 жастағы ер адам тізгіндеген КамАЗ көлігімен соқтығысқан», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол апатынан ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы мерт болды. 

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.