Маңғыстау облысында 53 жастағы ер адамға жақындары іздеу салады. Ол із-түссіз жоғалып кеткен деп жазады inaktau.kz.
Болатбек Алдыбай Бейнеу ауылына жақын маңдағы үйінен 12 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен.
«Атамыздың ұмытшақтық ауруы бар және денсаулығы да мәз емес. Оның жоғалғаны туралы полицияға хабар бердік. Әзірге ешқандай хабар жоқ», – дейді туыстары.
Болатбек Алдыбай жоғалатын күні үстіне ақшыл түсті жемпір және көк шалбар киіпті.