30.09.2015, 11:01

Жол құрылысшылары өлген адамның денесін тауып алды

Ақмола облысында жол құрылысшылары өлген адамның денесін тапты деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, адамның сүйегі «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 90-шақырымында, яғни  Ерейментау ауданының Новомарковка ауылынан 3 шақырым жерден табылған.

Осы жерде жол құрылысы жүргізіліп жатқан болатын. Қазба жұмыстары барысында жұмысшылар өлген адамның сүйегін тауып алған.

Қазіргі кезде, адамның неден және қалай өлгені белгісіз. Сондықтан табылған адам қаңқасы мәйітханға жіберіліп, соттық-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды.