Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
16-17 қаңтар күндері Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланып, тағы екі облыста көктайғаққа байланысты жол жабылғаны хабарланған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат