30.09.2015, 11:50

Павлодарда мекеме басшысы журналистен кешірім сұрады

pavlodarnews.kz

Ақсу қаласындағы жас натуралистер станциясының директоры «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Татьяна Купчинскаямен жанжалдасқаны үшін сөгіс алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева хабарлады.

«Мемлекеттік мекеме басшысы сөгіс алды. Ал Татьяна Купчинскаядан кешірім сұралды», – дейді Гладышева.

Басылым тілшісі агенттікке жас натуралистер станциясының директорын кешіргенін растады.

Еске сала кетейік, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің штаттан тыс тілшісі Т. Купчинскаядан Ақсудағы қалалық саябақтағы ағаштардың кесілуі туралы сын материал әзірлеу барысында ұялы телефоны күштеп алынған.

Директор Жантоты Ақышева өз кезегінде оталған ағаштардың фотоға түсіруге кедергі келтірмекші болды. Кейін газет тілшісіне полицияғы рұқсатсыз фототүсіріліммен айналысқаны және телефонын қайтару мақсатында жанжалдасқаны үшін арыз жазылды.