Жаңалықтар 16.01.2019 сағат 06:18

Ішкі істер министрлігі интернетте полиция формасын сатқандарды іздеп жатыр

Қазақстан ішкі істер министрлігі интернетте полиция формасын сатқандарды іздеп жатыр. Бұл туралы министрліктің өкілі Алмас Садубаев хабарлады.

Ішкі істер министрлігі интернетте полиция формасын сатқандарды іздеп жатыр
Қазақстан полициясы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Садубаевтың айтуынша, полиция формасын сатқандар әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Сатушылар жауапқа тартылады.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі қолданушылары интернетте полиция формасының саудаланып жатқанын айтып, «форманы қылмыс жасауға ниеттенген адамдар сатып алуы мүмкін»  деп алаңдаушылық білдірген.

Қазақстан полициясы қазір ескі үлгідегі форма киіп жүр. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта полицейлер киетін форманы өзгертпек. 2018 жылдың желтоқсанында министрлік полицейлердің жаңа формасының үлгісін жариялаған. 

Дереккөз: Азаттық

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар