16.01.2019, 10:30

Астанада 4 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі

Таяу күндері Астанада ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріледі деп хабарлайды елордалық әкімдік сайты. 

17 қаңтарда жауын-шашынсыз, тұман түседі. Оңтүстіктен соққан жел секундына 1-7 метр болады. Түнде ауа температураы -14 -16 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -5 -7 градус болады.

18 қаңатрда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік шығыстан соққан жел секундына 1-10 метр болады. Түнде ауа температураы - 8 - 10 градус, ал күндіз -4 - 6 градус болады.

19 қаңтар: қар жауады. Оңтүстіктен соққан жел секундына 7-12 метр болады. Түнде ауа температураы - 8 - 10 градус, ал күндіз -2 - 4 градус болады.

Айта кетейік, таяуда Шымкентте ауа температурасы 13 градусқа дейін көтерілді.  Дереккөз: Tengrinews.kz