$ 448.15  483.46  4.86

АҚШ-та Ақ үйді жарып жібермек болған ер адам ұсталды

АҚШ  Федеральдық тергеу бюросының қызметкерлері елдегі бірнеше нысанды, оның ішінде Ақ үй мен Бостандық мүсінін жарып жіберуге дайындалған ер адамды ұстады. Бұл туралы ABC телекомпаниясы хабарлады.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Джорджия штатында тұратын Хашер Джалял Тахибқа айып тағылып отыр. 2018 жылы желтоқсанда күдікті құпия түрде жұмыс істейтін Федеральдық тергеу бюросы қызметкеріне Ақ үйдің сызбасын көрсетіп, жарылғыш заттар мен қару-жарақ алуға көмектесуін сұраған.

Бұдан басқа Тахиб арнайы агентке Ақ үй мен Бостандық мүсінінен басқа Вашингтон монументіне, Линкольн мемориалына және ғибадатханаға шабуыл жасағысы келетіндігін айтқан.

Федеральдық тергеу бюросының қызметкерлері күдіктіге қару-жарақ мен жарылғыш зат беріп, бұларды оның автомобиліне алмастырған. Артынша ұсталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары